Қоғам

11-ші қазан – Дүниежүзілік мүгедектер күні

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

-Мүгедектер мен қаттарға қолдау көрсету әр азаматтың парызы. Сондықтан біз бұл адамдарға ұдайы түрде көмек қолын созып отырамыз. Мемлекет тарапынан да үнемі әлеуметтік, қаржылай көмек болып тұрады. Қазан айынан бастап қарттар мен мүгедектер айлығы жүріп жатыр. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілер де қолдарынан келгенше шараға қатысуда. Қазанның 11-і күні дүниежүзі бойынша аталып өтілетін мерекелеріңіз құтты болсын. Шын жүректен сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ өмір тілеймін. Бастарыңыз аман болсын.

Айту керек, бұл іс-шараға 15-ке жуық қоғамдық қор мен бірлестік жетекшілері жиналды. Марат Тасмағанбетов мереке иелерін салтанатты түрде құттықтап, ақшалай сый табыс етті.

«Наша семья» балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау қоғамдық қорының төрайымы Нина Петрова да осында. Құрылғанына 15 жыл болған ұйым тізімінде 2 мыңға жуық адам тіркелген.

Нина Антонова – СҚО «Наша семья» ҚҚ төрайымы:

-Мереке қарсаңында біз үлкен қошеметке бөленіп отырмыз. Қала әкімі арнайы шақыртып, құттықтап жатыр. Сыйлық табыстады. Аталмыш көмек қарттар мен мүгедектерге жыл сайын көрсетіледі. Бұл біз үшін өте маңызды. Қоғамнан шеттетпей үнемі өз назарында ұстап отырған әкімшілікке өз басым ризамын.

Бүгінде Солтүстік өңірде 40 мың зейнеткер, 9994 мүмкіндігі шектеулі жан бар екен. Қазанның бірінде басталған қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығында 2500 адамға жалпы сомасы 5 млн теңге болатын көмек көрсетілген. Аталмыш акция қараша айына дейін жалғасын таппақ.

 

 

Айгерим Ержанова