МТРА жаңалықтары

“Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавлдағы филиалы экзотикалық елге жолдама ойнатуда

Петр Салохин – “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалының директоры:

-Банк қызметін тұтынушылар үшін сый-сияпатқа толы түрлі акциялар науқаны жыл бойына жалғаса береді. “Ыстық қыс” шарасына тігілген бас жүлде – экзотикалық елге баруға арналған екі жолдама. Жеңімпаз желтоқсан айында анықталады. Жүлдені ұтып алған банк клиенті демалғысы келетін шет елді қалауы бойынша өзі таңдайды.

Ал жолдамаға қолы жетпеген салымшыларға уайымдауға еш негіз жоқ. Қаржы институты өзге қатысушылар арасында тұрмыстық техникаларды ұтысқа түсіреді. Сбербанк мұнымен шектеліп қалмақ емес.
Жақында осындай тағы бір акция бастау алды. Ол “Сбербанктен алтын күз” деп аталады. Оған бірақ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Иван Терлецкий – “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қалалық филиалы корпоративтік бизнес бойынша директорының орынбасары:

-Акция аясында белгілі бір сомада депозит ашқан жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ағымдық есепшотты тегін аша алады. Осының арқасында клиенттің Сбербанктің онлайн сайты арқылы өз депозиті жайында толық мәліметке қолы жетеді. Акцияға қатысушыларға қызмет көрсету кезінде түрлі жеңілдіктер де қарастырылған.

“Сбербанктен алтын күз” шарасы аясында, әзірге 10 солтүстікқазақстандық бизнесмен депозит ашқан. Банк басшылығы салымшылар саны көбейеді деген сенімде.

 

 

Бакыт Садуакасов