Ауыл шаруашылығы

“Кәсіп түбі – нәсіп”

Андрей Стрелец – “Стрелец” ЖК директоры, Есіл ауданы:

-Қарашірік ауыл шаруашылығы саласында маңызды рөл атқарады. Көбіне, өнімнің мол әрі сапалы шығуы тікелей топыраққа байланысты. Әзірше, биогумусты сатып алушылар – тек қалталы азаматтар. Мәселен, 1 гектар жерді құнарландыруға шаруа 120 мың теңге ақша жұмсауы тиіс. Алдағы уақытта сұйық биогумус шығаруды қолға алмақ жоспарым бар. Ол қазіргісінен бағасы жағынан әлдеқайда қолжетімді болады.

Кәсіпкер қи өңдейтін жауын құрттарын баптап-сатуды да қолға алыпты. Ісін ті бастамас бұрын, жерлесіміз осындай жауын құртын өсіретін бинесмендерден ақыл-кеңес сұраған. Кәсіптің пайдалы екендігін бірден ұққан ол, жайлап құрт өсіре бастапты. Шығыны аз, пайдасы мол қызмет түріне сұраныс та жоғары.

Андрей Стрелец – “Стрелец” ЖК директоры, Есіл ауданы:

-Қазір фермада “Владимирский старатель” тұқымдас жауын құртының 100 миллион данасы бар. Оның 20 миллионын жуық арада саудаға шығарамыз. Қазір біздер жауын құртының аналықтарын қыстап шығу үшін арнайы қоймаға көшіріп жатырмыз.

Кәсіпкер қарашірік пен жауын құртын күтіп-баптаудан бөлек картоп өсіруді де қолға алған. 6 гектар жері бар. Л1 сұрыпты картоп егілетін алқап толығымен биогумуспен өңделген. Бұл маңның топырағында ешбір химиялық қоспа жоқ.

Андрей Стрелец – “Стрелец” ЖК директоры, Есіл ауданы:

-Биыл біз әр гектардан 42 тонна өнім жинадық. Осылайша, егілген 6 гектар алқаптан 240 тоннадай картоп алдық. Бұл – жақсы көрсеткіш. Картоптың келісін 180 теңгеден саудалап жатырмыз. Негізінен картопты сатып алушылар – орталық және батыс өңірлердің тұрғындары.

Келешекте жерлес бизнесмен биогумус өндіретін зауыт салғысы келеді. Пайдасы мол кәсіпке қаржы құюға инвесторлар да құлық танытуда.

 

 

Бакыт Садуакасов