Мәдениет

“Біздің Афон” көрмесі Петропавлға жетті

Петр Сысак, “Біздің Афон” фотокөрмесінің Қазақстан бойынша үйлестірушісі:

-Өкінішке орай, Костас Асимистің өзі Петропавлға келе алмады. Ол Афон жерінде өмір сүреді. Суреттердің авторы киелі таудағы ғибадатханаларының сан ғасырлық тарихын ашып, әлем тұрғындарына қасиетті мекенді таныстыруды көздейді. Киелі тауда мен де болып қайттым. Жанға жайлы, әдемі жер.

Афон тауында – гректердің, сербтердің, румындар мен орыстардың, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, яғни православие әлемі діншілдерінің 20 монастырі бар. Олардың барлығының суреті мына қабырғаға ілініпті. Мәселен, мына “Свято-Понтолеймова орыс шіркеуіне” көрменің авторы – Костас Асимис мүшелік етеді.

Ал, бұл суреттер топтамасы Афон қарттары деп аталады. Мұнда қасиетті жерді мекен еткен 100 жастан асқан қариялар бейнеленген. Сондай-ақ, фотограф монахтардың күнделікті өмірін де суретке түсіріп отырған. Афон тауының ерекше дәстүрі бойынша ол жерге әйелдердің кіруіне тыйым салынған. Сондықтан, картиналардан нан салып, киім тігіп, дастархан жайып жатқан ерлердің суретін көре аласыз. Келушілер фотокөрмеден бұдан өзге де көптеген қызықты мағлұмат ала алды.

Дывак Виталий, Гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті:

-Көрме өте ерекше. Маған ұнағаны ол жердегі адамдар қара басының жағдайын ойламайды. Байлықты армандамайды. Тек барлық әлемнің бейбітшілігін тілеп дұға етеді екен.

Фотокөрме Ресей, Украина мен Қазақстанның қалаларында көрсетіліп келе жатыр. Оның ішінде Петропавл – 41-ші қала.

 

 

Акбопе Танирберген