Мәдениет

Петропавлда “Қазақ хандығының мұрасы” атты шығармашылық театрландырылған қойылымдар байқауы өтті

Таңат Сүгірбаев – қазылар алқасының төрағасы, “Асыл мұра” орталығының жетекшісі:

-Біз қазылар алқасы өнер ұжымдарының дайындап әкелген қойылымдарының маңызына, рөлдерді сомдауда атқарған жұмыстарына аса мән береміз.

Облыстық байқауға қатысушылардың жасында шек жоқ. Мұнда оқушылармен қатар ұстаздар да өз өнерлерін көрермендерге паш етуде. Айыртау ауданынан келген ұжым сайысқа “Еркін елдің батырлары Керей мен Жәнібек” деген қойылымды дайындап әкеліпті.

Мұнда жас батыр Жәнібектің рөлінде 10-сынып оқушысы Мейірхан Қадыржанов ойнауда. Жеткіншек Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек сұлтан болу мен үшін үлкен абырой дейді. Және ұлы тұлғаның образына кіру айтарлықтай қиындық туғызыпты.

Мейірхан Қадыржанов – байқауға қатысушы, Айыртау ауданы:

-Біздің мектепте “Сахна саңлақтары” деген үйірме бар. Сол үйірмеде осы сахналық көріністі дайындаған болатынбыз.

Байқау қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

Риат Шони