Құқық қорғау органдары

Облыс жолдарында биыл жаяу жүргіншілерді көлікпен қағып кетуге қатысты 188 факті тіркелген

Мадияр Харипов – СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы іздестіру бөлімінің инспекторы:

-Жол-көлік оқиғасы орнына барып куәгерлерді сұрастыру мен бейне бақылауды тексеру арқылы күдікті ретінде Тойота автокөлігі анықталды. Әкімшілік полиция басқармасының автокөліктер базасын тексеру барысында 170 темір тұлпар шықты. Соларды тексеріп қаладағы бейнебақылауларды қарағанда Тойота Карина автокөлігі көзге түсті.

Жедел іздестіру жұмыстарынан соң 24 жастағы ер азамат қолға түсті. Ол бірден кінәсін мойындап, велосипед жүргізушісін қаққандығын растады.

-Мен оны көліктің алдымен соқтым. Ол бірден құлап машинамның маңдайлық әйнегін сындырды. Сол сәтте зардап шегушінің қасына барып едім, тірі екендігін көрдім. Осыдан соң қатты қорқып қашып кеттім.00:20-00:36 Мен, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетпеу керектігін білемін. Алайда шошынып қалғандықтан мұндай іске барды. Дәл осындай жағдай өмірімде алғаш болып отыр.

Қазіргі уақытта күдіктінің жасаған қылмысына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жалпы, өңір жолдарында жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан кейін қашып кетуі фактілері 288 рет тіркеліпті. Кінәлілердің 80 пайызы ұсталып, жазаланды.

 

 

Култанов Байболат