Білім

Білім саласындағы жемқорлық және оны шешу жолдары

Жан Айтмағанбетов – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз хатшысы:

-Қазіргі уақытта оқу орындары мен коллдж студенттерінен мұғалімдер тарапынан заңсыз ақша талап ету фактілері бойынша ата-аналардан көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде. 00:27-36/ Аталмыш шараның басты мақсаты – оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынаста жемқорлықты болдырмау.

Айту керек, бүгінде сыбайластықтың кері әсері жас ұрпаққа да тиюде. Бұл – сапасыз білім.

Виталий Шеминг – «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

-Бүгінде бұл мәселе қоғамда үлкен проблемаға айналып отыр. Мәселен, өскелең ұрпақ ерте жастан бастап бармақ басты көз қыстылыққа үйренеді. Сол себепті барлығымыз жұмылып, Елбасымыз айтқандай жемқорлықпен күресуіміз керек.

Облыстық тергеу басқарамасының мамандары оқушылар мен студенттер пара алушылардың аты-жөнін жазудан қорықпау керек дейді. Өйткені кінәлілер заң алдында міндетті түрде жазалануы тиіс. Мәселен, ҚР заңнамасының 247 бабына сәйкес, оңай жолмен ақша тапқан мемлкеттік қызметкер 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе 240 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады делінген.

Самал Құсайынова – СҚО ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

-Жыл басынан бізге жасырын тұлғадан бір үндеу келіп түсті. Қала колледжінің бірінде оқитын студенттің ата-анасы оқытушы баламыздан заңсыз ақшалай сыйақы алды деп шағымданған. Бұл оқиға сотқа дейін жетті. Факті расталмағандықтан аталған іс тоқтатылды.

Жиын соңында қатысушылар жемқорлықпен күресті тиімді етуге қатысты бірнше ұсыныстар жасады.

 

 

Айгерим Ержанова