Балалар

СҚО жастарының бизнес-жобалар байқауы – 2015

«Әлеуметтік үздік жобалар» аталымында бағын сынап, бас жүлдені жеңіп алудан Ақжан Кәрім де дәмелі. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған интернет-клуб ашуды көздейді. Бір қарағанда, мұндай орындардың саны қалада онсыз да жетіп артылады. Бірақ, Ақжан ұсынып отырған тың идея ең алдымен келушілерді компьютерлік сауаттылыққа үйретуге бағытталған.

Ақжан Кәрім:

-Қазір әркімнің үйінде бір емес бірнеше компьютерден бар екені рас. Тіпті, интернет-клубтардың саны көп, бірақ онда келген адамдар көптеген бағдарламаларды білмейді. Ал біз сауаттылыққа, құрылғыны жөндеуге, веб-дизайн және 3Д модель жасауға үйретеміз. Біздің клубқа тек мүгедектер ғана емес, қарапайым адамдар да келіп, бағдарламаларды меңгере алады. Ең бастысы арнайы курстардан кейін азаматтарды жұмыспен қамтуды көздеп отырмыз. Жобаны жүзеге асыруға 2 млн 500 мың теңге қаражат қажет.

Жалпы байқауға 3 номинация бойынша 7 жоба қатыстырылды.

Лидия Грабарь – «СҚО белсенді жастары» ЖҚБ төрағасының орынбасары:

-3 ай көлемінде біз өңір жастарының өтініштерін қабылдадық. Байқауға 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыстырылды. Қазылар алқасы іріктеліп, жобалар 5 критерий бойынша таңдалды. Оның алғашқысы жобаның ерекшелігінде болса, тағы жұмыспен қамту, бағдарламаның өзін-өзі ақтап шығуы сынды талаптар қойылды.

3 номинация бойынша үздік деп танылған жоба иегерлеріне бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

 

 

Магжан Ахмадина