Ауыл шаруашылығы

“Дайындық” ЖШС-нде биыл 312 бас ірі қараға арналған кешен іске қосылады

Біржан Шәймерденов – “Дайындық” ЖШС директоры, Аққайың ауданы:

-“Сыбаға” бағдарламасы арқылы 200 бас ұрғашы және 10 бас бұқа алдым. Ірі қара малға 40 млн теңге қаражат жұмсадым.

Алдағы уақытта жеке кәсіпкер Біржан Шәймерденов “Құлан” мемлекеттік бағдарламасына жүгініп жылқы өсіруді де қолға алуды ойластыруда.

Біржан Шәймерденов – “Дайындық” ЖШС директоры, Аққайың ауданы:

-“Құлан” бағдарламасы арқылы 54 бие мен 3 айғыр алуды ойлаймын. Оларға жұмсалатын ақша 18 миллион болмақ.

Ал, мынау – серіктестіктегі мал қыстайтын кешен. Оны қазан айының соңында іске қосу көзделіп отыр. 312 бас ірі қараға арналып салынған нысанның құны 250 миллион теңгені құрайды. Жуырда бұл жерге сиыр саууға арналған 12 бірдей швейцариялық құрылғы орнатылады. Жаңа технология сүтті жылдам әрі сапалы өндіруде сеп болмақ. Бұл нысан ашылған жағдайда жұмыспен “Дайындық” аулының 32 тұрғыны қамтылады.

Любовь Акст – “Дайындық” ЖШС меңгерушісі, Аққайың ауданы:

-Кешеннің құрылысы жақында аяқталады. Онда қара малды қыста бордақылайтын және төлдеуге арналған бөлмелері бар. Жаңа туған бұзауларға да арнайы жылы орындарды дайындап жатырмыз. Нысан ашылысымен 32 адам жұмысқа қабылданады. Олардың орташа айлық жалақылары 75-75 мың теңге болмақ.

Шаруашылық малдың етін біздің өңірден өзген еліміздің басқа да аймақтарына экспорттайды. Мына жазғы шашпадағы 80 бас сиырды бүгін елордалық “Астана-агро-продукт” серіктестігінің өкілдері сатып әкетпек. Сондай ақ, кәсіпорын сүт саудалаумен де айналысады. Бір күннің өзінде сауыншылар аудандық “Ростан” сүт зауытына 4 мың литр ақ өткізеді екен.

Алена Грибовская – “Дайындық” ЖШС сауыншысы, Аққайың ауданы:

-Сауыншылардың жұмысы таңғы сағат 6-дан басталады. Сиырды күніне екі мезгіл сауамыз. Жиналған өнімді “Ростан” сүт зауытына өткіземіз. Жұмысымыз өзімізге ұнайды. Осында тұрғандықтан қызмет орнына қатынауға қатысты ешқандай қиындық жоқ. Жалақы да уақытылы төленеді.

Шаруасы қызған ауылдағы тағы да бір жаңалық тамызын айынан бастап әр шаңыраққа су құбырлары тартылыпты. Қазір елді мекендегі 60 баспананың барлығы тіршілік көзін үйде отырып-ақ пайдалады. Жаңашылдықтың рахатын көргендердің бірі – Айсұлу Атажанова. 43 жастағы нәзік жанды қазіргі тұрмысымыз қаладағыдан кем емес дейді.

Айсұлу Атажанова – Дайындық ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы:

-Үйімізге су келіп көзіміз ашылды. Бұрын тіршілік көзін тасу қиынға соғатын.

Былтыр “Дайындық” серіктестігінің директоры Біржан Шәймерденовтың басшылығымен ауылда мешіт және балабақша ашылыпты. Сондай-ақ, кәсіп иесі қарамағындағы жұмысшыларына 3 бірдей үй салып берген. Игі дәстүр биылғы жылы да өз жалғасын тауып, елді мекенде тұрғындарға арналған ортақ монша тұрғызылуда. Жаңа құрылыстың бүгінде 80 пайызы тындырылған. Кейін бұл жерде шомылу үшін әрбір кісіден небары 100 теңгеден алынбақ. Нысан қараша айының басында қолданысқа беріледі.

 

 

Култанов Байболат