МТРА жаңалықтары

«Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК мамандары солтүстікқазақстандықтарға екі күндік семинар өткізді

Марат Рысбеков – « Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК кеңесшісі, Астана қаласы:

-Бұл салада мен 20 жыдай қызмет етіп келемін. Ал дәріс оқып жүргеніме 4 жыл болды. Өйткені мен шет елге барып, олардың тәжірибелерін зерттедім. Еуропаның 6 мемлекетінде болдым. Сол жақта жинаған білімімді бүгін авторлық дәріс ретінде оқып, бөлісіп жүрмін. Осы жақтан кейін мен Көкшетауға жол тартамын.

Сонымен қатар, Марат Рысбеков нарықты қадағалаудың қазақстандық және еуропалық жүйелерінің айырмашылықтары мен жақындасу ерекшеліктері жөнін де сөз етті. Айту керек, Астанадан келген мейманнан 10-ға жуық солтүстікқазақстандық маман сабақ алды.

Бейбіт Әбілев – Техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

-Биылғы өткізіп отырған семинардың ерекшелігі жоқ емес. Мәселен, бұл жиында біз Еуропаодағындағы, дамыған елдердегі өнімнің шығуын, оны қалай қадағалау керектігін салыстырмалы түрде қарастырдық. Бізде де осыған қатысты жаңа реформа енгізіледі. Басқа елден қалыспауымыз керек. Осындай оқулар біздің мамандарға аса қажет.

Жиын соңында мамандарға біліктілігін арттырғандығы туралы сертификат табысталды.

 

 

Айгерим Ержанова