Қоғам

11-ші қазан – Халықаралық мүгедектер күні

Валентина Ефанова- зейнеткер, 2-ші топтағы мүгедек:

-Үнемі маған әлеуметтік қызметкерлер келіп қарайласады. Ешқашан ұмытпайды. Мерекелерде құттықтап отырады. Мен жалғыз тұрғандықтан көбіне әңгімелесіп, өзіме назар аударғанды қалаймын. Тамыз айында жолдама бойынша шипажайға барып келдім. Тағы айлық аясында зейнеткерлерге бір ай бойы мәдени нысандарға тегін бару құқығы беріліпті, енді мүмкіндік болса, театр мен мұражайларға барғым келеді. Сондықтан мен елімізде мүгедектер мен қарттарға жасалған жағдайға ризамын. Маған қолдау көрсеткен барлық жандарға алғысым шексіз.

Жыл басынан Валентина Ефанова сынды гигиеналық жабдықтармен 531 петропавлдық қамтылған. Тағы 106-ы мүмкіндігі шектеулі жанға кресло-арбалар, 693 мүгедекке көмекші құрылғылар табысталыпты. Бұдан бөлек, 435 жарымжан азамат шипажайларға жолдама алды.

Мереке Мұхамедьяров- Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

-Біз бұл айлықты өткізуге бі ай ғанаи емес жыл басынан дайындалдық. Бюджеттен қаржы бөлінді. Биылғы жылы 12 мың адамға әлеуметтік төлемдер жасалды. Жалпы 354 млн теңгенің көмегі көрсетілді.

Жалпы облыс орталығында 40 мыңнан астам зейнеткер мен 10 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Олардың барлығына бірдей көмек көрсетілмесе де, айлық аясында бірқатар жандар қолдауға ие болды.

Мереке Мұхамедьяров- Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

-11-ші қазан күні мүгедектер қалалық қоғамдлық көліктерде тегін жүре алдады. Халықаралық мүгедектер күні әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсететін 82 мүмкіндігі шектеулі балаға азық-түлік қоржындары берілетін болады.

Бір қуантарлығы, соңғы кездері мүмкіндігі шектеулі жандарға кәсіпкерлердің де қолдауы арта түскен.

 

 

Магжан Ахмадина