Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ізгілендіру шарасы қолданылып келеді

Әлібек Серәлі-жазасын өтеуші:

-Осы мекеменің әкімшілігі маған жұмыс тауып берді. Өз өнерімді көрсетіп, өзімді жақсы жағымнан көрсеттім. Айыппұл төледім. Енді бостандыққа шыққалы отырмын. Мерзімінен ерте босап шығу бар. Өзге де ізгілендіру шаралары бар. Олар сотталушының түзелуіне пайдалы. Соған лайықты екенін көрсетуге.

Жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бостандығынан айырудың төрт күніне бір айлық есептік көрсеткіш есебiмен айыппұл салады. Ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеу болып есептеледі. Бірақ мұндай заң барлық бірдей сотталушыларға қолданыла бермейді.

Андрей Бессонов- СҚО прокуратурасының 7-ші басқармасының бастығы:

-Бұл заң жобасына легу үшін сотталушы жазасының 3 тен 1 бөлігін өтеуі тиіс. Бұдан бөлек, аса ауыр қылмыс жасағандар ізгілендіру шарасына қатыса алмайды. Айта кету керек, бұл заң жобасын республикада теріскей алғаш болып қолданып отыр. Бүгіндері оған қатысамын деген тағы 30 жазасын өтеушінің өтініші қарастырылуда.

Жалпы жыл басынан жасаған қылмасының орнына айыппұл төлеген 40 азамат темір тордан шығып, үйіне қайтарылған. Олар мемлекетке 8 млн теңгеден астам сома қайтарды.

 

 

Магжан Ахмадина