Құқық қорғау органдары

Заңсыз алкоголь өнімдерін саудалаған пысықайлар жауапқа тартылды

Мына 48 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны спирттік ішімдікті өзінің үйінде сатқан. Пысықай ащы суды тұтынушыларына желім ыдыстарға құйып, өткізіп келіпті. Ортақ тәртіпті елемеген тұлғаға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Асан Смағұлов – СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы:

-Биылғы жылдың 9 айы ішінде алкоголь өнімдеріне қатысты 186 қылмыстық факт тіркелді. Олардың 116 ішімдікті 21 жасқа толмағандарға түнгі уақытта сатқан. Заң бұзушылар ҚР конституциясының 200 бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Алдағы уақытта өңірімізде рейдттік шаралар жалғасады.

Сондай ақ рейд қала сыртындағы көлік бекеттерінде де жүргізілуде. Онда полицейлер қаламызға алкоголь өнімдерін кіргізетін жеңіл және ауыр жүк көліктерін тоқтатып тексеруде. Шара барысында заңсыз тасымалданған 2 мыңнан аса ішімдік шөлмектері тәркіленген.

Қыркүйек айының өзінде құқық қорғаушылар 37 кәсіпкерді әкімшілік жауапқа тартқан. Олардың барлығы алкоголь өнімдерін заңсыз саудалап келген.

 

 

Култанов Байболат