МТРА жаңалықтары

СҚО-нда күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

Әсет Қамкен – әскерге шақырылушы:

-Мен Отан алдындағы борышымды өтеу керекпін. Ол әр азаматтың парызы. Менің таңдауым ҚР-ның Ұлттық гвардиясы.

Өңірімізде күзгі әскерге шақыру науқаны қазанның бірінде басталды. Күніне 50-ден астам бозбаланы қабылдайтын медициналық комиссия мүшелерінің айтуынша, ер-азаматтардың ішінде денсаулығына байланысты әскери өмірге жарамсыздар да кездесіп жатады.

Татьяна Дегтерева – әскерге шақыру комиссиясының терапевті:

-Қазір жігіттердің көбі әскерге барғылары келеді, әрине. Бірақ көп жағдайда балалар денсаулықтарына байланысты медициналық комиссиядан өте алмайды. Мысалы, бронхалы астма және асқазан ауруымен ауырса олар бірден шақырылушылар тізімінен алынып тасталады. Ал гастрит пен гипертония болса, онда балалар тізімнен уақытша ғана алынып тасталады. Біз күніне шамамен 50 адам қабылдаймыз. Оның 4-тен 1 бөлігі жарамсыз болып жатады.

Жалпы биыл көктемгі шақырылымда 600-ден астам солтүстікқазақстандық Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған болатын. Ал күзгі науқанда олардың саны шамамен 500-ге жетіп отыр. Шақырылушылардың бірінші легі қазанның 19-ы күні Қапшағай қаласына жол жүрмек.

Мақсат Мұқанов – СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:

-Ең бастысы күзгі шақыруда әскери қызметке шақыруға жататын әскерге шақырушыларға қатаң талаптар қойылады. Осы күзде 500-ден астам шақырылушыны әскер қатарына қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Олардың ішінде 200-ге жуығы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне, қалған 300-ге жуығы Ұлттық ұлан, мемлекеттік күзет және ҰҚК шекаралық қызметінің әскери бөлімдерінде қызметіне өтейді.

Егер шақырылушы өз борышын өтеуден бас тартса, ҚР Қылмыстық кодексіне сай 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұлмен немесе түзету жұмыстарымен жазаланады.

 

 

Айгерим Ержанова