Спорт

Солтүстікқазақстандық полиоатлоншы әлем чемпионатында қола медаль еншіледі

Ол алыс қашықтыққа жүгіріп, түрлі дене жаттығуларын жасауда. Спортшының полиатлон спортымен әуестенгеніне 15 жылдан асыпты. Осы уақыт ішінде айтарлықтай жетістіктерге жетіп үлгерген. Айта кеткен жөн, Юлия соңғы рет Ресейдің Ялта қаласында жалауын желбіреткен жаһандық жарыста қола медаль еншілеген болатын.

Юлия Пропустина – ересектер арасында президенттік көпсайыстан әлем чемпионатының қола жүлдегері:

-Чемпионатта 5 мемлекеттің 200 аса спортшысы бақ сынады. Олардың қатарында бұрындары жеңімпаз атанған мықты полиатлоншылар бар. Мен СҚО намысын тек өзім жалғыз қорғадым. Жеңіске деген жігердің арқасында қола алқа тағындым. Жетістігіме өте қуаныштымын.

Жерлесіміз дүбірлі додада президенттік көпсайыс ережесіндегі 5 жаттығуды да үздік орындапты. Әсіресе 100 және 2000 метрге жүгіру, сондай ақ снарядты лақтыру кезінде жақсы нәтиже көрсеткен. Алайда мылтық ату мен 100 метрге жүзуде қарсыластарына сәл есе жіберіп алған. Осылайша солтүстікқазақстандық полиатлоншы жалпы есепте 3973 ұпай жинап, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген.

Юлия Пропустина – ересектер арасында президенттік көпсайыстан әлем чемпионатының қола жүлдегері:

-Жарыстағы жаттығулар аса қиындық танытқан жоқ. Әсіресе өзіме қолайлы жүгіру мен снаряд лақтыру кезінде бірінші атандым. Тек жүзуде артта қалдым. Енді осал тұстарымды арттырып, жаттығамын.

Әлем чемпионатында президенттік көпсайыстан Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте екінші орын иеленді. Енді құрама мүшелері алдағы жарыстарға дайындалуда.

 

Култанов Байболат