Қоғам

Петропавлдықтар облыс орталығындағы ескі парктің бүгінгі жай-күйіне наразы

Сонымен қатар арнайы жәшікте лық толы. Былайша айтқанда бұл жер атына заты сай болып тұр. СҚО жеңіл атлетикадан олимпиада резервінің мамандандырылған БЖСМ стадион меңгерушісі Виктор Шершнев бұл бейнені күнде көреді. Қоқыстың ескі саябақ аумағынан шығарылмағанына үш аптадай болып қалды дейді жерлесіміз.

Виктор Шершнев – СҚО жеңіл атлетикадан олимпиада резервінің мамандандырылған БЖСМ стадион меңгерушісі:

-Бастапқы кезде мұнда қоқыс жәшіктері болмаған. Барлығы таза, тиянақты жинастырылған болатын. Жәшіктерді қойып еді, мынандай сұмдықтар орын ала бастады. Бұл жерді тазарту қажет.

Ескі мәдениет және демалыс саябағының мұндай күйіне Виктор Шершневтан басқа өзге тұрғындарда наразы. Күнделікті бұл жермен 50-ге таман петропавлдық серуендейді. Ал олар отыратын орындықтардың да өңі қашып, тіптен бұзылыпта қалған.

-Мұнда күніне 2-3 рет келіп тұрамыз. Қоқыстар шығарылмайды. Жағымсыз. Орындықтарға отыру мүмкін емес. Жастар келіп үстіне аяқпен тұрады. Сосын ластанады.

-Парктің ішіне кіріп, таза аллеямен келе жатқанда кәдімгідей рақаттанып, демаласың. Бұл жер бізге, зейнеткерлерге, балалар мен жастарға арналған ғой. Бірақ мынандай қоқыс үйінділерін көрген кезде жаның ашиды.

-Бірнеше күн болды, ешкім келіп, еңкейіп бұл жерді жинаған емес. Ал қоқысты жеке секторлардың адамдары әкеліп төгеді.

Жалпы саябақ ішінде қоқысқа толып тұрған жәшік «Коммунхоз-Север» ЖШС тиесілі екен. Не сепбті бұл контейнер ұзақ уақыт бойы тазартылмады деген сұраққа кәсіпорын директоры былай тіл қатты.

Мұрат Есмұханов – «Коммунхоз-Север» ЖШС директоры:

-Біз парк аумағында қызмет көрсетуді ағымдағы жылдың тамыз айында тоқтатқанбыз. Бұл территорияда 3 кәсіпкерге жұмыс істедік. Кейін олар біздің қызметтен бас тартты. Сол уақытта барлық контейнерлерді бұл аумақтан шығара бастадық. Біреуін таба алмай жоғалтып алғанбыз. Міне енді ол жәшік табылып отыр, бірақ оны кім пайдаланғаны жайында біз білмейміз. Бүгін контейнерді алып тастадық.

Көп ұзамай ескі мәдениет және демалыс саябағына жауаптыларда бірден табылды. Парк ішін «Петропавл-Коммунхоз» ЖШС-ің жұмысшылары тазарта бастады.

Арман Дүйсембаев – “Петропавл-Коммунхоз” ЖШС директорының орынбасары:

-Бұл аумақта жаз айларында «Коммунхоз-Север» ЖШС қызмет көрсеткен болатын. Олар өз жұмыстарын тамыз айында тоқтатқанын біз білген жоқпыз. Сол себепті де қоқыс үйінділері көбейіп кетті. Бүгін бізге қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінен өтініш келіп түсті. Енді міне аймақты тазартып жатырмыз.

Барлық жұмыстар аяқталды. Қоқыс үйіндісінің ізі де көрінбейді. Ал енді мұндай тазалық қанша уақыт бойы тұратыны қала тұрғындарына байланысты.

 

 

Риат Шони