Өнеркәсіп

Ерінбеген етікші болады

Константин Козлов- «Петросян В.Л.» ЖК етікшісі:

-Дүкендерде сатылатын етіктермен салыстырғанда бізде сапасы жақсы. Оны маман ретінде айтамын. Өйткен үлкен зауыттарда тігіншілер етікті машинкамен тігеді. Ал бізде ол қолмен жасалады. Сондықтан сапасына көп көңіл бөлінеді. Күніне 8 жұп аяқ киім жасаймыз.

Бір аяқ киім жасауға 4 күн жұмсалады. Ең алдымен оның үлгісі сызылып, соған сай тері пішіледі. Кейін жұмыс тігіншілердің қолына табысталады.

Елена Илюшенко- «Петросян В.Л.» ЖК тігіншісі:

-Аяқ киімнің пішімін алып, кейін тапсырыс берілген материал бойынша тігемін. Содан соң ол етікшілердің қолына беріледі. Біздегі шикізаттар, тері, былғары барлығы таза өнімдер. Сондықтан сапасы өте жақсы. Жасалған аяқ киімге 90 күн кепілдік беріледі.

Осыған дейін бұл кәсіпорынның кеңсесі болмаған. Қазір бұл проблема шешіліп отыр. 2 жыл бұрын жеке кәсіпкер Виктор Петросян «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, осы ғимаратты сатып алған.

Виктор Петросян- «Петросян В.Л.» ЖК директоры:

-Елімізде осындай бағдарлама болғаны жақсы. Бұл кәсіпкерлер үшін айқын қолдау. Осыған дейін жалдамалы кеңеселерге көшіп-қонып жүретінбіз. Тиісінше, жұмыс та тұралап, қондырғылар да жиі істен шығатын. Енді міне өзіміздің ғимаратызымыз бар. Даму арқылы 7 жылға 6,5 млн теңге нисие алдық. Оның 7 пайызын мемлекет өтесе, қалғанын өзіміз төлеп жатырмыз. Петропавл аяқ киімдері деген маркамен біз 72 жылдан бастап еңбек етеміз. Сондықтан өнім сұранысқа ие. Қазір қала бойынша екі сауда нүктеміз бар.

Қарамағында 5 еңбеккер жұмыс істейтін кәсіпкер келешекте мемлекет қолдауына тағы бір мәрте жүгінбек. Ол қондырғыларын жаңарту үшін несие алып, өндіріс көлемін арттыруды жоспарлаған.

 

 

Магжан Ахмадина