Қылмыс

Такси жүргізушісін өлтірген қанышерге қатысты сот үкімі шықты

Естеріңізге сала кетейік, қаланы дүрліктірген оқиға ағымдағы жылдың наурыз айында орын алған болатын. Жеке көлігімен жолаушы тасымалдап, табыс тауып жүрген нәзік жандыға көктемнің бір күні Мурад Аннагельдыев отырып, өзін шаһарымыздың шеткі ауданы «Солнечный» кентіне апаруын сұрайды.

28 жасар Екатерина Воротынцева оны діттеген жеріне жеткізіп салады. Бірақ жас жігіт ақша төлеуден бас тартып, керісінше, пневматикалық қару алып қызды қорқытады. Содан кейін оны ұрып-соғып, зорлап, кейін қылқындырып өлтіріген. Мұнымен де тоқтай алмаған қылмыскер, мәйітті далаға лақтырып, көлікті өзі тізгіндеп жасырынбақ болған. Осылай, айуандықпен қылмыс жасаған қанышер, бүгін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 6 бірдей бабы бойынша жазаланып отыр.

Дастан Исмаилов- Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

-1993 жылы Түркіменстан жерінде туылған, ҚР азаматы Аннагельдивті қылмыстық істі жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жасазы кесілді. Бүкіл тиесілі дүние-мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

 

 

Магжан Ахмадина