Құқық қорғау органдары

Республикалық “Нелегал” алдын алу іс-шарасы аяқталды

-Я еду из России домой. Там, я работал на стройке штукатурщиком.

-Год был в России?

-Даже не год, а 10 месяцев.

-Сколько лет тебе?

– 29.

– Где ты работал?

-В Перми.

Республикалық “Нелегал” іс-шарасына жарты мыңға жуық құқық қорғаушысы жұмылдырылыпты. Олар 59 мобильдік топқа бөлініп, қырағы қызмет етті. Нәтижесінде, акцияның үш күні ішінде 500-ге жуық заңсыз мигрант құрықталған.

Аманбай Кұсайынов – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының взвод командирі:

-Акция барысында ел аумағынан 24 шетелдік шығарылды. Соттың қабылдаған үкіміне қарсы шығып, тәртіп бұзғандығы үшін 6 мигрант әкімшілік жазалауға тартылды. ҚР құқықтық ережесін сақтамай, келімсектерді өз қарамағында ұстағаны үшін 55 ел азаматы құрықталды.

5 күнге жалғасқан акцияның қорытындысы бойынша 805 заң бұзушылық тіркелді. Көбінде мигранттардың құжаттары дұрыс болмай шыққан.

 

 

Култанов Байболат