Қоғам

Петропавлда “Маһмұд Қашғаридың жүз жылдық сөздігі” атпен кездесу өтті

Кітаптың қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Бұл жайлы жиынға Алматы қаласынан арнайы келген тарих ғылымдарының докторы – Марат Сембі сөз қозғап, еңбектегі бүгінде қазақ тілінде қолданылып жүрген сөз тіркестерін атап өтті.

Марат Сембі, Алматы қалалық ғылыми- зерттеу мәдениет институтының бас ғылыми қызметкері:

-Мен өзімнің монографиямда М.Қашғари еңбегіндегі бірнеше тіркестерді пайдаландым. Онда бүгін біздің қолданысымыздағы мақал-мәтелдердің бірнешеуі еш өзгеріссіз кездеседі.

Тамыры бір түркі тілдес халықтардың тарихы да ортақ. Әлемнің көптеген тіліне аударылған 1000 жылдық сөздікті ғалым Асқар Егеубай 1997-1998 жылдары қазақ тіліне тәржімалаған екен. Айту керек, теріскейдегі “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі – жазба әдебиетіне үлес қосқан түрік жазушысын ұлағаттайтын мұндай шараны өткізуді жыл сайынғы әдетке айналдырған.

Идрис Картал , «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

-Биыл бұл шараны 7-ші рет өткізіп отырмыз. Жыл сайын түріктің әдебиетінде, тарихында қолтаңбасы қалған белгілі бір автордың еңбегін таңдап алып, оны дөңгелек үстел басында талдаймыз. Мұндағы басты мақсат – бүгінгі ұрпақтың назарын көне тарихқа аудару.

“М.Қашқаридың 100 жылдық сөздігі” аталған жиынға келген жастардың қарасы мол. Олар зиялы қауым өкілдерінің баяндамасын зейін сала тыңдады.Талай ғасыр бұрын жазылған түркі халықтарының сөздігінің тарихына қанықты.

 

 

Акбопе Танирберген