Балалар

“Фея” орталығына – 1 жыл

Галина Бондаренко – “Фея” білім беру, сауықтыру және ойын-сауық орталығының директоры:

-Бүгін біздің орталық өзінің бір жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Бұл – ұжымдағы ұстаздар мен балақайлар үшін үлкен қуаныш. Жалпы бізде 1 мен 2 жастағы балақайлар ата-аналарымен болады. Ал, 2-ден асқандар мен 6 жастағылар өздері келіп жаттығады. Қазір қатарымыз күннен күнге толығуда.

Бүгінде орталықта 60 бала тәрбиеленуде. Олардың күнделікті сабақтары, дене жаттығулары және бос уақыттағы ойындарына 15 мұғалім жауапты. Бір айта кетерлігі, бұл жерде мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндермен қатар денсаулығында ақауы бар балаларға да айналысуына мүмкіндік бар. 9 жастар Сергей Матвеев аутизм ауруына шалдыққан. Аталмыш дертке ұшыраған адамдар қоғамнан бөлектенгіш келеді дейді мамандар. Сол себепті, оларға көп көңіл бөлу керек.

Наталья Медведева – ата-ана:

-Менің ұлым “Фея” білім беру, сауықтыру және ойын-сауық орталығына 1 жылдан бері барып жүр. Бастапқыда бұл жерге үйрену өте қиын болатын. Қазір, жаңа достар тауып, сөйлесе алады. Ермексаздан неше түрлі ойыншықтар жасап маған көрсетеді. Оның жетістігіне мен қуаныштымын. Осылайша, жазылып кетсе деймін. Таңертен жұмысқа кетерде баламды осында қалдырсам, еш уайымдамаймын.

Мерекелік шара барысында жеткіншектерге түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Онда балалар кедергілер арқылы жүгіріп өзара жарысса, енді бірінде көпіршіктерді шашып қызыққа батты.

Екатерина Плешкова:

-Маған мында қатты ұнайды. Достарым да көп!

Матвей Иванов:

-Біз мында қызықты ойындар ойнаймыз. Қарындашпен күнде сурет саламыз.

 

Култанов Байболат