Мәдениет

Жерлес “Әлқисса” ансамблі халықаралық байқауда үздік деп танылды

Ғалымжан Нұрпейісов – «Әлқисса» ансамблінің солисті:

-Бұл ансамбльде жұмыс істегеніме бір жыл болды. Өзіме ұнайды. Көптеген ақындардлың әндерін шырқаймын. Оның ішінде қазіргі заманауи әндер де бар. Біздерде Арқаның әндері ғой көбіне. Орындалуы басқа өңірлерге қарағанда ерекшелеу.

Аталмыш ансамбль 2010 жылы құрылған. Бүгінде бұл ұжым құрамында 13 адам өнер көрсетеді. Барлығы да кәсіби мамандар. Бірі домбыраны жетік меңгерсе, енді бірі қобызда асқан шеберлікпен ойнайды. Солардың бірі – тараздық Меруерт Адамбекова. Еліміздің солтүстігіне нәзікжанды арнайы шақыртумен келіпті.

Меруерт Адамбекова – «Әлқисса» ансамблінің мүшесі:

-Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген соң ансамбль жетекшісінің шақыртуымен арнай келдім. Ұйымшыл ұжымның арқасында тез сіңісіп кеттім. Алматыда өткен конкусрта лауреат атандық. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Ансамбль бұл жетістікпен шектеліп қалмайды, әлі де еңбектеніп, алдағы уақытта да түрлі конкурстарға қатысып тұрамыз.

Жақында өңір өнерпаздары Алматы қаласында өткен халықаралық конкурстың лауреаты атанып келді. Бұл байқауға елімізден өзге Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркия елінен келген өнер ұжымдары қатысты. Жеңімпаздар тізіміне солтүстікқазақстандық «Әлқисса» ансамблі де енді.

Руслан Асылхан – «Әлқисса» ансамблінің жетекшісі:

-Конкурсқа дайындық әрқалай болады. Жаңа бағдарлама дайындасақ кемінде 3-4 ай уақытымыз кетеді.«Ғасырлар сазы» конкурсында 46 ансамбль қатысты. Біздің ұжым үздік төрттікке кіріп отыр. Бұл байқауға шет мемлекеттеінен келген қатысушылар да болды. Жалпы бұл сайыс осымен екінші рет ұймдастырылып отыр. Екі ретінде де жүлдегер атандық. Бәрі бір деңгейде болды. Дайындығымыз жоғары болғандықтан, лауреат болып отырмыз.

Жыл соңында ансамбль ұжымы 5 жылдық мерейтойын атап өтіп, облыс орталығында есеп беру концертін ұйымдастырмақ ниетте.

 

 

Айгерим Ержанова