Білім

Ұлағытты ұстаздар мерекесі

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

-Барлығымыз ұстаздардан білім алдық. Сондықтан, адамның қалыптасуында бұл жандардың қосқан үлесі орасан зор. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Әрқашан алдарыңыздан білімді де талантты шәкірттер шыға берсін.

Кейін үздік деп танылған мектеп қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды. Олардың ішінде өмірінің 32 жылын ұстаздыққа арнаған Жаңбырбай Сүлейменов те бар. Жалпы мектепте оқитын балаларға қарағанда осындағы оқушылармен жұмыс істеу қиындау дейді математик. Бірақ, жетістіктері де жоқ емес.

Жаңбырбай Сүлейменов – Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі:

-Әрбір баламен жеке жұмыс жасауым керек. Түске дейін біз айналыссақ, түстен кейін тәрбиешілер жұмыс жасайды. Жетістіктерге жетіп жатырмыз. Осы 9 жыл ішінде менің өзімнен оқып шыққан 9 оқушы арнайы мектептерден кейін жалпы оқу орындарына ауысып, колледждерге түсіп жатыр.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші бұл күні оқу орнының 10-ға жуық қызметкері осындай марапатқа ие болды. Кейін мереке иелеріне шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Жалпы аталмыш оқу ошағында 150-ге жуық бала білім алады. Солардың 40-қа жуығы денсаулықтарына байланысты үйлерінде оқытылады.

 

 

Магжан Ахмадина