Қоғам

Солтүстікқазақстандық қажылар аман-есен елге оралды

Сәлима қажы Балтабаева:

-Қажылық сапары – адамды қайырымдылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелейді. Бойындағы барлық жамандықтан арылуға баулыйды. Алла тағала өзінің сахабаларына айтқан сөзінде “Егерде кім қажылық жасайтын болса, соны жаңа туған сәбидей қылып күналарынан арылтамын деген екен.

Жерлестеріміз жол жүру кезінде ең алғаш Мекке қаласында болған. Содан соң, Мұздалифа жазықтығына жол тартқан. Қасиетті бұл жерде мұсылман бауырлар далада түнейді екен. Ұлық сапардағы тағы да бір амал шарттардың бірі – шайтанға тас лақтыру. “Ұрпағымды арам пиғылды шайтандардан сақтай гөр” деп жамағат тас атады. Осыдан соң қағбаны жеті рет айналып, дұға тілейді. Алланың алдындағы парызын толықтай орындағандардың қатарында Ырысжамал әжей де бар. Жетпістің үстіне шыққан қажының діни саяхатына кеткен қаражатын балалары көтеріпті.

Ырысжамал қажы Әленова:

-Мен Меккеге ауырып бардым. Бастапқыда ыстықтан жүре алмадым. Содан соң қағбаның жанына келгенде өзімді тамаша сезініп, ауырғанымды тіпті ұмытып кетіппін. Осылайша өзімнің дұға-тілегімді аман-есен оқып қайттым. Әр жағдайы келетін мұсылман қажылыққа бару керек.

Биыл қажылыққа аттанған мұсылмандардың барып-қайту сапары жылдағыға қарағанда жеңілдепті. Халыққа тиімді болу үшін Алматы-Мекке бағытындағы тура әуе жолы ашылған. Жол жүру құнын есептей келгенде әр қажы өз қалтасынан 4 мың АҚШ долларынан шығарған.

Қасымхан қажы Исаев – “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы:

-Биыл еліміздің 20 туристік фирмасы қажыларымыздың жол сапары мәселесіне жауапты болған болатын. Олар қазір жерлестерімізді толықтай елге әкелу жұмыстарымен айналысуда.

Осы жылғы қажылық сапар кезінде Мекке мен Мәднине де жер шарының 3 млннан артық тұрғыны болған.

 

Култанов Байболат