Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”

Салима Макишева – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның орыс тілі пәні мұғалімі:

-Баян орта мектебінің ұжымы мен үшін бірінші ұжым болғандықтан мені жас қызметкер ретінде өте жақсы қарсы алды. Онда тәжірибелі мұғалімдер көп болды. Бір түсінгенім, бірінші ұжым жас маманға маңызды рөл атқарады екен. Маған олар жол сілтеп, келешекте жақсы педагог болуға әсер етті.

Осылайша ауылдық мектепте бірнеше жыл жұмыс жасап, кейін қаладағы қазіргі Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясына орналасыпты. Мұғалімдік қызметтің “ыстығы мен суығын” қатар көрген Салима Макишева бүгінде шәкірт оқытып-тәрбиелеуге енді бет бұрған жас мамандарға ақыл-кеңесін айтудан жалыққан емес.

Салима Макишева – Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның орыс тілі пәні мұғалімі:

-Әрине, өмір бір орында тоқтап қалмайды. Сондықтан, біздің облыста да Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылысымен біздің ұжымда біраз өзгерістер болып жатыр. Сол мұғалімдердің орнына жаңа мамандар келіп жатыр. Оларды құшақ жая қарсы аламыз, қолдан келгенше көмектесіп жатырмыз.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” демекші, мұғалім әр сабағын қызықты өткізу үшін барын салады. Салима Макишева сабақ жүргізудегі бір ерекше әдісі, әр тақырыбын сөзжұмбақтан бастайды екен. Білім ұясының сынып оқушылары да ұстаздарын үлгі тұтады.

 

 

Бакыт Садуакасов