Қоғам

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы жанындағы мүгедектермен жұмыс тобының мүшелері рейд өткізді

Алайда, кей ғимараттар осындай қоғамның әлжуаз тобының қозғалуына сай келмей жатады. Олқылықтың орнын толтыру бағытында бақылаушы қоғамдық жұмыс тобы кестеге сәйкес рейдттерді жүргізіп отырады. Бүгін таңсәріден олар қаладағы сапаржайға соқты. Мұнда олар мүгедек жандардың қозғалуына жағдайдың бар жоғын тескеруде.

Игорь Коновалов – “Қамқор” ҚБ СҚОФ төрағасының орынбасары:

-Өкінішке қарай, Петропавл қаласында қозғалысы қиын жандарға арналған пандустардың жағдайы көңіл көншітпейді. Болған күннің өзінде, олардың біразы бекітілген талаптарға сай келмей жатады. Сондықтан осы жағына жауапты билік өкілдері тиісті көңіл бөлсе екен деймін.
Жергілікті сапаржай ғимаратының іші-сыртын мұқият қарап шыққан жұмыс тобы, нысан мүгедектер үшін қолжетімді деген байламға келді. Дегенмен, сапаржай әкімшілігіне ескертпелер де айтылды. Осы күні қоғамдық бақылау тобы мүгедектер жиі жүріп-тұратын тағы 5 мекемені аралап, ондағы жағдаймен танысатын болады.

Владислав Демьянов – СҚО әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі бойынша кеңесшісі:

-Көріп отырғандарыңыздай, сапаржай мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалуына толықтай сай келеді. Негізінен жарымжан жандар осындай қоғамдық мекемелерде жиі жүріп-тұрады емес пе?! Сол себептен нысанның талаптарға сай болуы – мүгедектер үшін өте маңызды.

Қоғамдық жұмыс тобының мүшелері жыл бойына халыққа қызмет көрсететін мекемелерді аралап, онда кембағал жандардың қозғалуына жағдайдың қаншалықты жасалғанын бақылап отыратын болады.

 

 

Бакыт Садуакасов