Қоғам

Қазан қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығы

Ольга Букина – Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:

-Қыркүйек айында қайырымдылық сенбілігі ұйымдастырылды. Ол шарадан түскен барлық қаражат қарттар мен мүгедектерді қолдауға жұмсалады. Бүгінде қорға 150-ге жуық мекеме мен түрлі ұйымдар өздерінің бір күндік жалақысын аударды. Қазір жиналған сома 5 млн теңгені құрап отыр.

Қайырымдылық айлығы аясында мүгедек балаларға да ерекше назар аударылады. Оларға арнап әр түрлі көмек көрсету жоспарланып отыр. Бүгінде облыс орталығында 82 жарымжан балғын бар.

Ольга Букина – Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:

-Бөлінген қаражаттың арқасында әлеуметтік қызметкерлер үйлерінде күтетін 82 мүмкіндігі шектеулі балаға, сонымен қатар тірек-қимыл қозғалысында ақауы бар жеткіншектерге арналған интернаттағы 12 балғынға көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ, қалалық әкімдікте халықты әлеуметтік қамту мен кедейлікті жеңу бойынша арнайы комиссия құрылған. Аталмыш ұйым 100 адамға материалдық көмек көрсетпек. Оның ішінде дәрі-дәрмек, отын, көмір жеткізіп беру бойынша.

 

 

Риат Шони