МТРА жаңалықтары

Қазан айындағы ауа райы

Бірақ, қазанның алғашқы күндері солтүстікқазақстандықтарды өзінің жайма-шуақ күндерімен қуантты. Оған ең бастысы өңір диқандары риза болғандай, өйткені алқаптарда орақ науқаны бір уақытқа да тоқтаған емес. Барлығы жылы ауа райын пайдаланып қалуға тырысты. Алайда, енді күн суыта бастайды.

Аслан Қажырақымов – СҚО бойынша «Қазгидромет» КМК инженер-синоптигі:

-Ауа температурасы түнде -3,-2 градусқа дейін суытады. Ал күндіз +5,+10 градус жылы болады. Кейін екі-үш күнге тұрақталса да ол күн жылынады деген сөз емес. Ал қазанның екінші онкүндігінде түнде күн -5 градусқа дейін салқындайды.

Ал қазан айының үшінші онкүндігінде күн -10 градусқа дейін суытады. Бұлт қоюланып, жерге бозқырау түседі.

Аслан Қажырақымов – СҚО бойынша «Қазгидромет» КМК инженер-синоптигі:

-Жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады. Бірқатар аудандарда жаңбыр жауып, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 м дейін күшейеді. Тұман түсуі мүмкін.

Қарашаға жақындай бере көктайғақ болуы ықтимал. Жалпы, пісіп үлгермеген көкөніс пен егін суыққа ұрынса, халық оны «қазан ұрды» дейді. Сондықтан, оған жол бермей, ертерек қыста жейтін азықты жиып алған абзал.

 

 

Магжан Ахмадина