Спорт

Петропавлда жыл басынан 18 шағын футбол алаңы ашылды

Алаңның сапасы көңілдерінен шыққан оқушылар қуаныштарымен бөлісуге асықты.

Бекарыс Ерғали – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 10-сынып оқушысы:

-Біздің арманымыз орындалды. Осы алаңның арқасында енді мектебімізде футболистер саны артып, спортқа бейімделеді.Облыстық жарыстарға енді осы жерде дайындалып, жүлдегер атанамыз деп ойлаймын.

Бұл жаңашылдыққа балалармен бірге ұстаздар қауымы да риза. Өйткені, оқушылар енді дене тәрбиесі сабағын жабық жерде емес, таза ауада өткізетін болады.

Қанат Бакеев – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

-Мектебімізде бүгін қуанышты күн. Шағын алаң ашылып жатыр. Өте қуаныштымыз. 00:39-51/ Осыған дейін сабақтарымыз спорт залда өтетін. Енді таза ауамен демалып, футболдан өтетін жарыстарға дайындалатын мүмкіндігіміз бар.

Өткен жылдың өзінде облыс орталығында осындай 15 бірдей алаң қолданысқа беріліпті. Бұл дәстүрді келер жылы да жалғастырамыз дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы Валерий Евдокименко.

Валерий Евдокименко – Петропавл қаласы дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы:

-Футбол алаңқайында дене тәрбиесі сабағын сәуір мен қараша айлары аралығында еш кедергісіз өткізуге болады. Жалпы биыл қалада осындай 18 нысан қолданысқа берілді. Егер де алдағы уақытта ауа райы жылы болса, тағы 2-3 алаңды іске қосу жоспарда бар

Аумағы 20 да 40 болатын футбол алаңын облыс әкімінің бастамасымен «Мирас-GROUP» серіктестігі жасап отыр.

 

 

Айгерим Ержанова