Білім

Отандық өнімнің әлеуеті артуда

Нина Балан – Н.Крупская атындағы №10 орта мектеп асханасының наубайшысы:

-Менің жұмыс уақытым ерте басталады. Мұнда келіп нан басамын. Екі ауысымдағы оқушыларға жаңа пісірілген тағам ұсынуға тырысамыз. Бұл, әзірге күнде қолымыздан келеді. Ол үшін бізде үш бөлігі бар бір пеш жұмыс істейді. Бір уақытта бірнеше тағам түрін әзірлеуге қуаттылығы жетеді.

Күніне мектеп асханасына тамақтануға 500-ге жуық оқушы келеді. Оларға арналып 2 аптаға мәзір құрастырылыпты. Мұнда дәмі тіл үйірер бірінші тағамның 6, екіншінің 14, үшіншінің 7 сонымен қатар салаттың 8 түрі бар. Асханадағы барлық тамақты әзірлеуге тек қана жергілікті өнім пайдаланылады екен. Өзімізде өсірілген өнім сапалы әрі өсіп келе жатқан балалардың ағзасына қажетті барлық дәруменге бай дейді кәсіпкер.

Елена Щелкунова – “Щелкунова” ЖК директоры:

-Біздің ұжымда 6 адам еңбектенеді. Тағамдарды тек қалалық білім бөлімі құрастырған мәзір бойынша әзірлейміз. Тамақты пісіргенде өзіміздің жергілікті өнімді пайдаланамыз. Атап айтатын болсақ, сүтті «Зенченко және К» командиттік серіктестігінен, ет пен шұжық та – солтүстікқазақстандық тауар. Сапасы өте жоғары, бағалары да қолжетімді.

Жалпы күн сайын мектеп асханасынан ауқаттанып жүрген оқушылар аспазшылардың әзірлеген тағамдары әрқашанда дәмді болады дейді.

Софья Добранская:

-Біздің асханада әзірленетін тағамдардың барлығы өте дәмді. Үйде анам пісірген секілді. Тәтті болғандықтан ештеңе қалдырмай жеп қоямыз.

Артем Колесник:

-Біз мұнда күнде келеміз. Аспазшылар бізге дәмді тағамдар береді. Маған асханада тамақтанған ұнайды.

Қазақстанда жасалған

 

 

Риат Шони