Спорт

Көптен күткен “Мен-Чемпион” бағдарламасы көгілдір экранда

Өңіріміздің барлық аудандары мен алыс шалғай ауылдарын қамтыған спорттық сайысқа 12 мен 14 жастағы 8000 мыңнан аса солтүстікқазақстандық оқушысы қатысқан болатын. Ақтық бәсекеде жүзден жүйрік шыққан 16 құрама бас бәйге үшін бақ сынады. Дәл осы шын мықтылардың сайысы көк жәшіктен көрерменге жол тартпақ. Бағдарлама авторы Муниципалды арнаның директоры Евгений Сазановтың жетекшілігімен жасалған өнімді алғаш рет “Хабар” арнасы 2001 жылы жарыққа шығарды. Алдағы уақытта “Мен- Чемпион” бағдарламасының ауқымы кеңейіп республикалық, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында да ұйымдастырылмақ.

Евгений Сазанов – “Мен-Чемпион” балалар спорт жобасының авторы:

-Келесі жылдың жаз айларында Петропавл қаласында
“Мен- Чемпион” балалар спорт ойындарының республикалық сайысы өтеді. Оған еліміздің барлық облысынан жас спортшылар қатыспақ. Сондай ақ, төл туындымызға Ресей, Молодова елдері де қолдау білдіруде. Бұл дегеніміз, халықарпалық сайыс болады деген сөз.

 

Култанов Байболат