МТРА жаңалықтары

Қазанның бірінші жексенбісі – Халықаралық құстарды бақылау күні

Еркежан Қыдыбек – студент:

– Біз аққу, үйрек, дала қазы сынды құстарды анықтадық. Қолымдағы кітаппен оларды айнытпай таныдым.

Халықаралық құстарды бақылау күні әлемнің көптеген елінде 22 жылдан бері аталып өтілуде. Осы күні дүние жүзі орнитологтарының қанаттылардың саны мен түрін анықтаулары дәстүрге айналған.

Михаил Калашников – шараны ұйымдастырушы:

– Акцияның негізгі мақсаты – студенттер арасында қоршаған ортаны қорғап, құстарды зерттеуге деген қызығушылықты арттыру. Былтырғы жылы мұндай шара жер шарының 38 мемлекетінде өткен болатын. Оған 33 мың орнитолог қатысқан. Нәтижесінде 7,5 миллионнан артық қанатты тіркеліпті. Ал, біздің облыста жалпы саны 250 мыңға жуық құс бар.

Орнитологтардың зерттеу жұмыстары тек көктем-күз айларында ғана жүргізіледі. Өйткені, дәл осы мезгіл тіршілік әлеміндегі құстарды бақылауға қолайлы уақыт көрінеді. Өңірімізде дәл осындай шаралар қазан айының соңына дейін жалғаспақ. Себебі, суық түсісімен облыс аумағындағы қанаттылардың басым көпшілігі жылы жаққа ұшып кетеді.

Култанов Байболат