Спорт

Петропавлда Президенттік сынақтың облыстық кезеңі өтуде

Валерий Самохвалов – Президенттік көпсайыстан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы:

– Президенттік сынақтан республикалық чемпионаттың аймақтық туры 3 кезеңді қамтиды. Алғашқысында спортшылар елді мекендерде жарысқа түсіп, іріктелді. Келесі екінші кезең – аудандық деңгейде ұйымдастырылып, жеңгендері облыстық турда жарысқа түсуде.

Шынымен де, Президенттік сынақтан республикалық чемпионаттың өңірлік кезеңінде бағы мен бабын сынауға жас жеткіншектен бастап үлкен жастағы жерлестеріміз келген. Кеше сайыскерлер пневматикалық винтовкамен оқ ату мен қашықтыққа жүгіруден жарысқа түссе, бүгін спортшылар спринттік жүгіру, ұзындыққа секіру мен суда жүзуден шеберліктерін көрсетіп жатыр.

Мәселен, дәл қазір мына жерде 10 және 15 жас аралығындағы ұл-қызар ұзындыққа секіріп, өзара мықтыны анықтауда. Шал ақын ауданының намысын арқалап келген Айдос Алтай спортқа бала кезінен жақын. Биылғы чемпионатта бозбала спорттың бірнеше түрінен бағын сынауда.

Айдос Алтай – спортшы, Шал ақын ауданы:

– Кеше алыс қашықтыққа жүгірдім. Содан екінші болып келдім. Соған өзім қуаныштымын. Бүгін ұзындыққа секірдім. Көрсеткішім 2 метрден асады. тағы жүуден қатысамын. Қобалжып тұрмын, жеңуге тырысамын.

Облыстық кезеңде спорттың 8 түрінен жеңімпаз атанған жеткіншектер өңір намысын республикалық чемпионатта қорғайды.

Бакыт Садуакасов