Мәдениет

Петропавлда чехиялық режиссер шеберлік сабағын өткізуде

Евгений Ибрагимов – “Под счастливой звездой” қуыршақ театрының қоюшы-режиссері, Чехия республикасы:

– Менің шеберлік сабағымда қуыршақ, таяқ сынды қарапайым жаттығулар бар. Осындай әдіс-тәсілдердің арқасында актерлардың сахнада өзін-өзі ұстауын, көрермен алдында еш қаймықпай ойнауды үйретемін. Сіздердің әртістеріңіз өте дарынды. Олармен жұмыс істеу оңай.

Сондай-ақ, Евгений Ибрагимов актерларға түрлі образдарды сахнада еш дайындықсыз бірден сомдауды талап етеді. Ол өзінің 30 жылдық тәжірибесінде бұндай тапсырмаларды жиі қолданады екен. Чехиялық маманның шеберлік сабағы қаламызда бір жұмаға жалғаспақ.

Ольга Лабутина – Облыстық қуыршақ театрының әртісі:

– Бізге мықты режиссер келіп өзінің тәжірибесімен бөлісіп жатыр. Оның айтқан кеңесін есімізге сақтауға тырысудамыз. Евгений Ибрагимовты біздің театры ұжымы 2012 жылдан бері шақыруда. Алайда, түрлі себептермен ол келе алмай жүрді. Осындай шеберлік сабақтары арқылы актерлар алдағы қойылымдарға тиянақты дайындалады.

Шеберлік сабағының алдағы уақытта пайдасы тиетіні сөзсіз. Өйткені, жергілікті қуыршақ театрының ұжымы қараша айының орта тұсында Қостанай қаласында өтетін республикалық фестивальға қатыспақ.

 

Култанов Байболат