Өнеркәсіп

Петропавл арақ зауытының ұжымы зейнеткерлерін мерекемен құттықтады

Раиса Петрова – зейнеткер:

– Мен көп жыл бойы осы зауытта қызмет еттім. Жұмысым өзіме ұнайтын. 5 жылдан бері ардагерлер кеңесін басқарамын. Бүгінде тобымда 150-ге жуық адам бар. Оның 10-ы биыл қосылды. Басшылықтың әр мерекеде бізді құттықтап, көңіл бөлетіндеріне ризамын. Қариялар үшін бұл өте маңызды ғой.

Зауыт басшылығы құрметті еңбек демалысына шыққан қызметкерлерін еш ұмытқан емес. Мереке сайын қарияларды құттықтап, жылы лебіздерімізді білдіреміз дейді олар. Бүгінде бұл кәсіпорында көп жыл қызмет етіп, зейнетке шықан қарттардың саны 146-ға жеткен.

Рүстем Әлібеков – «Петропавл арақ зауыты БН» ЖШС директорының орынбасары:

– Бұл күнді біз жыл сайын атап өтеміз. Зауытқа еңбегі сіңген зейнеткерлерімізді бір дастархан басына жинап, әңгіме-дүкен құрамыз. Алғысымызды білдіріп, сыйлықтарымызды тарту етеміз. Аз да болса көңілдерін көтеруге тырысамыз.

 

 

Бүгінгі мерекелік жиынға 100-ге жуық адам қатысты.

Айгерим Ержанова