Мәдениет

Жерлес күйші республикалық байқаудан жүлдемен оралды

Ғабит Ғафуров – СҚО музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы:

– Сайыста мен әділ қазы мүшелерінің сұрайымен Шіртерлі терезе күйін шерттім. Өзім осы туындыны толықтай білем.

Ғабит домбыраға 5-інші сыныптан әуес. Қазір ол 30-дан артық күй біледі. Ал, жас дарын республикалық сайысқа 7 шығарма әзірлеп апарған. Олардың қатарында “Жұмыр қылыш”, “Қайран Нарын”, “Исатайдың Ақтабаны-ай” сынды туындылар бар. Күйшіні жарысқа дайындаған ұстазы Майра Сапарқұлованың айтуынша шәкірті үйреткенді бірден жаттап алатын қасиетке ие екен.

Майра Сапарқұлова – СҚО музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты домбыра сыныбының оқытушысы:

– Өте алғыр бала. Дайындалған уақытта шығармаларды бірден ұғып алды.

Алдағы уақытта жерлесіміз күйшілік шеберлігін арттырып, келесі байқауларға дайындалмақ.

 

Култанов Байболат