СҚО “1990-шы жылдың беймаза жазы. Офицердің жазбасы” атты кітаптың таныстырылымы өтті

Мәдениет

13:38 30 Қыркүйек 2015

Манас Мағұлов – “1990-шы жылдың беймаза жазы. Офицердің жазбасы” атты кітаптың авторы:

– Бұл кітапты мен өз естелік күнделігімнен алып шығардым. Жас ұрпақ ұлтаралық татулықтың қадірін білсе деймін.

Өз туындысының тұсаукесерін Манас Мағұлов Петропавлда өтукізуді жөн көрген. Себебі, жас курсанттар бұл кітапты оқу арқылы бүгінгі ұлтаралық татулық пен мемлекеттер арасындағы бейбітшіліктің маңыздылығын түсінеді. Және оны сақтауға ат салысатыны сөзсіз дейді автор. Бұл пікірмен болашақ офицерлер де келісуде.

Мейрамбек Талапкеров – ҚР Ұлттық ұлан әскери институтының курсанты:

– Жастар үшін маңызды, әсіресе әскери қызметтегі азаматтар үшін. Біз болашақ офицерлер еліміздегі татулық пен бебйтшілікті сақтап қалуымыз керек. Бұл бізге артылған басты міндет.

Кітап Астана қаласында басылып, 300 данамен шығарылған. Оның 20-ын автор өз қолтаңбасымен ҚР Ұлттық ұлан әскери институтының кітапхана қорына табыстады.

Айгерим Ержанова