Спорт

Петропавлда Саха Республикасының спортшылары оқу-жаттығу жиындарын өткізуде

Роман Окоемов – еркін күрестен спорт шеберіне үміткер, РФ:

– Біз Солтүстік Қазақстан облысына осымен екінші рет келіп отырмыз. Петропавл қаласында бұдан екі жыл бұрын шеберлігімізді арттырдық. Кезекті оқу-жаттығу жиындарына 10-15 жастағы 6 баланы алып келдім. Оларға сіздердің спортшыларыңызбен күресу ұнады.

Тиісінше, дәл осындай жиындар жерлестерімізге де мол пайдасын ала келмек. Өйткені, әлемдік күрес аренасында көршілес елдің спортшылары биік белестерге жетіп жүргендігі анық. Сондықтан да білікті мамандардан үйренген артық етпейді.

Орынбек Балағанов – СҚО спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының еркін күрестен аға жаттықтырушысы:

– Якутиялық спортшылардың араларында дарынды спортшылар бар. Солардан жергілікті балалар еркін күрестің әдістерін үйренуде. Біздің оқушыларымыз да қонақтарға тиісті қауһар көрсетіп, өздерінің шеберліктерін білдіруде.

Бес күнге жалғасатын оқу-жаттығу жиындарынан соң якутиялық спортшылар Шымкент қаласына жол тартпақ. Онда олар еркін күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионы Мәулен Мамыровтың құрметіне өткізілетін республикалық турнирде бақ сынайды.

Култанов Байболат