МТРА жаңалықтары

Биыл Петропавлда 46 балалар алаңқайы жаңартылды

Саруар Дүйсекеев – қала тұрғыны:

– Бұрындары бұл жерде ойнау, тіпті қыдыру да мүмкін емес еді. Ал бүгін біз күнде кешкісін немерелерімізді ертіп, далаға шығамыз. Ата-апалары таза ауамен дем алып отырса, кішкентайлар жаңа алаңда емін еркін ойнайды.

Айту керек, облыс орталығында дәл Рижская 104 көшесіндегідей 46 алаң жаңартылған. Бұл игі істі қала әкімдігі қолға алып, жергілікті бюджеттен арнайы қаражат бөліпті.

Сағындық Нұғманов – Петропавл қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің инспекторы:

– Балалар алаңқайын жаңартуға қала бюджетінен 32 млн теңге бөлінді. Тендерді Семей қаласының мердігер компаниясы жеңіп алды. Жалпы облыс орталығында 46 алаң жаңартылды. Бүгінде шаруа аяқталуға жақын. Қазір алаңдарға құм төселіп жатыр.

Кейін арнайы құрылған комиссия мүшелері балалар алаңын қабылдап алатын болады. Ал әзірге биылғы жоспар осымен тәмәм. Бірақ мамандардың айтуына қарағанда, қаламыздағы абаттандыру жұмыстары келесі жылы да жалғасын таппақ.

Айгерим Ержанова