Энергетика

Жергілікті “Севказэнерго” АҚ инвестициялық бағдарлама аясында қарқынды дамып келеді

Виктор Бармин – “Севказэнерго” АҚ №2-ші Петропавл ЖЭО директоры:

– 2016-2020 жылдарға жылу энергиясы бойынша инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Нәтижесінде 2020-шы жылға таман құрылғылардың тозуы 14,1 пайызға төмендейді. Айта кету қажет, жөндеу барысында заманауи сандық құралдарды орнатып жатырмыз.

БАҚ өкілдерінің келесі аялдаған нысаны – “Петропавл жылу желілері” ЖШС-і. Бүгінде кәсіпорын қызметкерлері 10 шақырымнан астам жылу құбырларын жаңасына алмастырып, тағы 3 шақырымын жылуды сақтап тұратын материалмен қаптаған. Сондай-ақ, баспасөз-турында журналистерге Инернационал көшесі мен Ойқала ауданы арасындағы ұзындығы 500 метрлік жылу құбырындағы жұмыстар көрсетілді.

Игорь Рыбас – “Петропавл жылу желілері” ЖШС атқарушы директоры:

– Құбырларды жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражатты “Еуропалық қайта құру және даму банкі” бөліп отыр. Озық технологияларды пайдалану арқылы жылу энергиясының шығындары біраз азаяды.

Қос кәсіпорындағы тындырылған шаруамен толық танысып шыққан Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері жалпы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Нелли Бабакехян – ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Қазірде Петропавлда жылу желілерінің тозуы өзекті болып отыр. Бүгінде құбырлардың ескіру деңгейі 72 пайызға жуықтайды. Бұл жағдайды реттеу мақсатында жылда 19 шақырым магистраль ауыстырылады.

Жалпы өңір энергетиктері тұтынушыларды атқарылған шаруадан хабардар ету мақсатында баспасөз-турын жыл сайын ұйымдастырып тұрады.

Айгерим Ержанова