Балалар

Перопавлда “Туған тілім – тірлігімнің айғағы” атты поэзия кеші өтті

Мадина Нұрғазина – жас ақын:

– Мен түрлі сайыстарға қатысып келемін. Өлеңдерім жақсы бағаланып бірнеше рет жүлдегер атандым.

Қазіргі күні Қазақ мектеп-гимназиясында жұмыс істейтін “Ақындар сыныбы” үйірмесінде 15 бала тәрбиеленеді екен. Сабақ барысында өлеңнің құрылысы, жазылу стилі мен мағынасына зор мән беріледі. “Ортамыздан орақ тілді ақындарды тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз” – дейді үйірме жетекшісі Аманжол Зағыпар.

Аманжол Зағыпар – Қазақ мектеп-гимназиясы “Ақындар сыныбы” үйірмесінің жетекшісі:

– Біздің арамызда талантты жастар жетерлік. Соларды дұрыстап тәрбиелеу қажет. Сонда ғана мықты ақындар арамыздан шығады.

Сондай ақ, жиын барысында поэзия кешіне арнайы шақырылған қонақтар да өнер көрсетіп, жиналғандарға төл туындыларынан шашу шашты.

Тілдер апталығына арналған шарада бірінші орынға қазақ мектеп-гимназиясының 5-інші сынып оқушысы Ағжан Жайлаубай ие болды. Қатысушылардың барлығы мақтау қағаздарымен марапталды.

Култанов Байболат