Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірдің ағымдағы жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері сараланды

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

– Біздің аймақ аграрлық-индустриалдық өңір болып табылады. Өндірілген жалпы өнім көлемі 2014 жылы 106 пайызға өсіп, 789 млрд теңгені құрады. Облыстың экономикалық құрылымында айтарлықтай үлесті ауыл шаруашылғы, өнеркәсіп және көлік салалары құрайды. 2014 жылы ол 60 пайызды құрады.

Облыста тау-кен өнеркәсібі биыл 1,5 есеге артып, 902 млн теңгеден астам соманы құраған. Сондай-ақ, машина жасау, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында да өсім байқалады. Кейін сөз тізгіні облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаровқа берілді. Ол жиналғандарды орақ науқанының өту барысымен таныстырды. Биыл теріскейдің жер емген шаруашалары 4 млн гектардан астам жерге ырыс дәнін сіңірген. Соның 3 млн-нан астамына бидай себілсе, қалғанына майлы дақылдар, картоп пен көкөністер егіліпті. Бүгіндері шаруалар тиісті жұмыстарды 2 млн гектардан астам жерде атқарған. Яғни, алқаптардың 77 пайызындағы алтын астық орылып алынды. Гектар берекелігі 15,3 центнерден айналуда.

Қайрат Омаров – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Жалпы өңірде 54 нан қабылдайтын кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 3,4 млн тонна астық сыйдыруға қауқарлы. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін сақтайтын орындар бар. Жыл басталғалы 5 элеватор қалыпқа келтіріліп, жөндеуден өткізілді. Алқаптарда 8 мыңнан астам комбаин жүйіткіп жүр. Солардың 3 мыңнан астамы жоғары өнімді техника болып табылады.

Шаруалардың бітік шыққан астықты уақытылы, шашау шығармай жиып алуы үшін жанар-жағармай қоры да жеткілікті көлемде жеткізіліпті.
Бұдан кейін брифингке қатысқан БАҚ өкілдері өз сауалдарын жолдады.

Ақмарал Есдәулетова – «Солтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі:


–  Облыста дұрыс пайдаланылмай келген жерлер мен жер телімдерін қайтару үшін қандай шаралар жүргізілуде?

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

– Жер инспекциясы басқармасы тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесінде 100 мың га жер мемлекетке қайтарылды. 35 мың гектарға 10 есе салық көтерілді. Мен ойлаймын бұл жұмыстарды әрі қарай да жалғастырамыз. Кері қайтарлыған 100 мың га жерге қазір конкурс жүргізіліп, жұмыс істеймін деген адамға, мал бағамын деген адамға конкурс арлықы алуға болады.

Кейін жуналистер өңірде кадр тапшылығы мәселесі қайлай шешіліп жатқандығын сұрастырды.

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

– Бүгінгі күні агрономдар,зоотехниктер, мал дәрігерлері қажет. Бүгіндері өзіміздің университет пен колледждерде дайындап жатырмыз. Одан басқа көрші РФ Түмен және Омбы облыстарында да мамандар даярланып жатыр. Олармен меморандумға отырғанбыз. Оқу бітіргеннен кейін олар осында келіп, алған білімдерін шаруашылықта көрсетуге дайын болады деп ойлаймыз, сенімдеміз.

Бұдан соң төртінші билік өкілдерін мал шаруашылығының дамуы мен бүгінгі ауыл еңбеккерлерінің жалақысы қандай деңгейде екендігі қызықтырды. Осылайша, 40 минутқа жалғасқан алғашқы көшпелі брифинг өз мәресіне жетті.

Магжан Ахмадина