Құқық қорғау органдары

Әкімшілік полиция өкілдері “Нөлдік төзімділік” акциясын өткізуде

Әбілсейт Жолаушин – СҚО ІІБ ӘПБ аға инспекторы:

– Бүгін СҚО “Нөлдік төзімділік” акциясы басталды. Шара өңіріміздің әр ауданы мен Петропавл қаласында өтеді. Оған 502 тәртіп сақшысы жұмылдырылған. Республикалық акция өңірімізде 3 күнге жалғасады.

Жол-потрульдік полициясы өткізген рейд кезінде 39 жастағы қала тұрғыны құрықталды. Ол шаһар көшелерін мас күйінде кезіп жүрген.

–  Мен бірінші рет ішімдік ішіп ұсталып тұрмын. Жаңа достарыммен аздап көңіл көтергенбіз. Кешіріңіз!

Ал, мына мерседес көлігінің иесі жол ережесін бұзған. Темір тұлпарды тізгіндегін жүргізуші жол шетіндегі бағдаршам түсіне мән бермей “тоқта” деген белгіге өтіп кеткен. Тәртіп бұзған 25 жастағы жерлесімізге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Төлеген Алдабергенов – Петропавл қаласы ІІБ жол-потрульдік полициясының қызметкері:

 

– Жаңа ғана мерседес көлігінің жүргізушісі құрықталды. Оған біз жол ережесін бұзғаны үшін хаттама толдырдық. Енді бір жұма ішінде ол 20 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуі қажет.

“Нөлдік төзімділік” акциясының бірінші күні облысымызда 700-ге тарта тәртіп бұзушылық тіркеліпті. Оның ішінде 18-і жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндесе, 47-сі телефонмен сөйлескені үшін құрықталған. Ал, жаяу жүргінші өтетін жолда 29 заң бұзушылық анықталған.

Култанов Байболат