Балалар

Петропавлдық жас өнертапқыштар халықаралық сайысқа жолдама алды

Әлімхан Болат – Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы:

– Бұл робот көптеген бөлшектерден тұрады. Бағдарламасын әзірлеуге екі апта уақыт кетті.Ереже бойынша мына 22 диаметрлі цилиндрға сыйуы керек, және де салмағы 1кг-нан аспауы қажет.

Ал Олжас Сәбитов дәл осы жарыстың «тауға шығу» категориясы бойынша қатысып, жүлделі 1-ші орынды иеленді.

Жас өнертапқыш робототехникамен айналысуды 2 жыл бұрын қолға алыпты. Сондай-ақ, ол түрлі республикалық сайыстарға қатысып, жеңімпаз да атанып үлгерді. Ал осы жолы түлек Катар еліне халықаралық жарысқа жолдама алып отыр. Техникалық шығармашылықпен айналысатын жас дарын иесі болашағын ақпараттық технологиялар саласымен байланыстырмақ ниетте.

Олжас Сәбитов – Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы:

– Жалпы роботтың мақсаты 4 жақта мына тұрған тауларға өрмелеу. Және 4 текшенің әрбіреуін сәйкес келетін түске орнатуы керек. Сайысқа қатысушылар өте көп болды. Біз оларды артқа тастап жеңімпаз атандық.

Елордамыз Астанада өткен республикалық жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам дарын жиналған. Облысымыздың намысын 13 оқушы қорғады. Олардың көбі жүлделі орындарды иеленіп қайтты. Робототехника үйірмесінің оқушыларға берері мол,- дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің робототехника және информатика пәнінің мұғалімі.

Әділбек Исмағұлов – Назарбаев зияткерлік мектебінің робототехника және информатика пәнінің мұғалімі:

– Біріншіден, құрастыру, инженеринг, бағдарламалау құрастыру және инженеринг мамандықтарына ерте жастан қызығушылық пайда болады.

Енді өңіріміздің 7 өнертапқышы үстіміздегі жылдың қараша айында КАтар еліне аттанбақ.

Айгерим Ержанова

=’mso-special-character:line-break’>