Балалар

Петропавлда кинотест ойыны ұйымдастырылды

Камила Темірбаева – қатысушы

– Маған алғашқы ойын қатты ұнаған. Мұнда түрлі адамдармен танысып, жаңалықтарды білесің.

Жалпы жастарды қызықтырған ойын үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған. Әуелде 15 адамға дейін ғана жиылса, қазірде кем дегенде 30 кино сүйер жандар өз бағын сынауға келеді. Негізі оларға қойылатын талаптар санаулы: кез-келген әртістің аты-жөнін атау, берілген суреттің қай фильмнан екенін анықтау, саундтректің қай кинонікі екенін табу.

Салтанат Жакенова – ұйымдастырушы:

– Бүгін кинотест ойынын 7-ші рет ұйымдастырып отырмыз. Бұл жолғы сайыс интернационал. Өйткені мұнда түрік, индия, ресей, америка және де отандық кинолардан сұрақтар енгізілген. Жалпы ойын 3 турдан тұрады. Біріншісінде әртістір мен фильмдерді суреттер бойынша анықтайды. Екіншісінде қолмен салып немесе ыммен көрсету қажет. Ал соңғы сайыста ойыншылар маңдайына жапсырылған қағазда не жазылғанын анықтау керек.

Жиын соңында үздік ұпай жинаған үш команда сыйлықтармен марапатталады. Жалпы кинотест ойыны айына бір рет өткізіледі.

 

Риат Шони