Құқық қорғау органдары

Өңірде “тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік” атты республикалық акция басталды

Болат Кәрімов – СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы:

– Әкімшілік полиция басқармасы мұндай рейдтік шараларды ұдайы өткізіп тұрады. Биыл заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан 24 жүргізуші тіркелді.

Жалпы заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын жерлестерімізге заң қатты. Мысалы, жеке тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынса, шағын кәсіпкерлік иелері 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қалтасындағы қаржысынан қағылатын болады. Ал орта кәсіп субьектілері үшін айыппұлдың мөлшері 40 АЕК.

Қанат Әлімжанов – СҚО ІІД ӘПБ жол-патрульдік полиция батальонының командирі:

– Адам тасымалдайтын көлік жүргізіушілерінде ең алдымен осы кәсіппен шұғылдануға рұқсат беретін ақпараттандыру талоны болуы тиіс. Сондай-ақ, техникалық және медициналық бақылаудан өткендігі жөнінде белгісі бар тіркеу журналы қажет.

“Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік” атты республикалық акция қыркүйектің 30-ы аяқталады. Алайда, жергілікті полицейлер заңсыз тасымалмен шұғылданатын көлік иелерін ұдайы бақылап отырмақ.

 

Бакыт Садуакасов