Мәдениет

Кітапханаларды компьютерлендіру – заман талабы

Бейбітгүл Әбілмәжінова – С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры:

–  Олар – барлық аудандық, қалалық орталық және 47 ауылдық кітапхана. Вай-фай желісі де барлық ғимараттарда жұмыс істейді. Тағы бізде 47 модельдік кітапхана бар. Елді мекендердегі осындай мекемелерге ерекше назар аударылмақ. Өйткені, нақ осындай нысандар – ауылдағы басты мәдени ошақ. Сол жерде түрлі шаралар өткізіледі.

Облыс кітапханалары жыл сайын 111 мыңға жуық солтүстікқазақстандыққа қызмет көрсетеді. Бүгіндері бұл жүйенің дамуы арқасында кітапханаларға электронды түрде жазылып, ондағы жаңалықтарды үйден біліп отыруға болады. Мамлют ауданында 16 кітапхана бар. Олардың барлығы ақпараттық технологиялармен толық қамтылған.

Ғалия Хамзина – Мамлют аудандық орталық кітапхана жүйесінің директоры:

 

–  Кітапханалардың барлығында веб-сайттар бар. Солар арқылы жұмыс барысында өткізетін іс-шаралар туралы барлық ақпараттар көрсетілген. Аудандық кітапханалар «Рабис» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Ол бойынша еліміздің барлық кітапханалары қызмет көрсетеді.

2007 жылдан бері өңірдегі осындай нысандар «Кітапханаларды жаңғырту» бағдарламасына қатысуда. Ол мәдени ошақтардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған.

Магжан Ахмадина