Спорт

Жерлесіміз Азамат Нүрпейісовқа арналған қайырымдылық шаралар жалғасуда

Георгий Емельянов – кикбоксингтен әлем чемпионы:

– Мен Азаматты 10 жылдан артық уақыт білемін. Бірге ұзақ жылдар бойы жаттықтық. Өте мықты спортшы. Алайда, денсаулығы сыр беріп, өкпесінде қатерлі ісік табылды. Бастапқыда бұл жағдайға сенбедім. Қазір қолымыздан келгенше көмектесіп жатырмыз. Ол міндетті түрде жазылады.

Бүгінде Азаматтың денсаулығына қазақстандық шоу-бизнес өкілдері мен елімізге белгілі спортшылар да алаңдаулы. Олар кикбоксшының аяғынан тұрып, орталарына аман-есен оралуын қалайды.

Азамат Садвакасов – ММІ спортынан облыс құрамасының бас жаттықтырушысы:

 

– Бүгін бізге атағы күллі Еуропаға таныс Георгий Емельянов келді. Оның сабағы біздің спортшылар үшін маңызды. Дегенмен, қонағымыздың басты мақсаты – Азаматқа және оның туған-туыстарына көмектесу.

Дәл осындай қайырымдылық акция қаламызда алдағы уақытта өз жалғасын таппақ. Ал, бір күнге жалғасқан шеберлік сағатынан 33 мың теңгеге жуық қаражат жиналған. Енді, ол ақша Азамат Нүрпейісовтың жеке есепшотына аударылады.

Култанов Байболат