МТРА жаңалықтары

Қыркүйектің соңғы жексенбісі-машина жасаушылар күні

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– Мемлекет тарапынан кәсіпорындарды тапсырыспен барынша қамтамасыз ету, отандық құрамды көбейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл салаға деген инвесторлардың да қызығушылығы артып келе жатыр. Өңіріміздің машина жасаушы кәсіпорындары да заман талабына сай өндірістерін жаңғыртып, шетелдік нарыққа шығуда. Жылдан-жылға тапсырыс портфелі көбейіп келеді. Осының барлығы өз кезегінде облыс экономикасының өсуіне оң әсерін береді.

Ағымдағы жылдың 8 айында машина жасау саласындағы өндіріс көлемі артып, 16 млрд теңгені құраған. Бұл залда отырған жандардың маңдай терімен жасаған жұмысының арқасы. Ал мұндай еңбек, назарсыз қалмақ емес. Сондықтан кәсіби мерекелері қарсаңында адал еңбегі мен саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан бір топ солтүстікқазақстандық облыс әкімінің құрмет грамотасына ие болды. Олардың қатарында «Трибо» ЖШС қаржы директоры Ербол Әбиев те бар.

Ербол Әбиев-«Трибо» ЖШС қаржы директоры:

– Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Барлықтарыңызға зор денсаулық, сәттілік тілеймін. Құрметті Ерік Хамзаұлы менің және кәсіпорынның еңбегін жоғары бағалағаныңыз үшін сізге зор алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз. Біз Елбасымыз және үкімет енгізгени бағдарламаларды қолдаймыз. Күн сайынғы еңбегімізбен сол мақсаттарды орындауға тырсамыз.

Кейін еңбегі жанған тағы 10 азамат өңір жетекшісінің алғыс хатына ие болды. Салтанатты марапттау рәсімінен соң, мереке иелеріне арнап аймағымыздың өнер ұжымдары ән, биден шашу шашты.

Магжан Ахмадина