Спорт

Петропавлда “Әкем, анам және мен” атты облыстық отбасылар сайысы өтті

Көк түсті форма киген Қабдулиндер жанұясы мұндай сайысқа алғаш рет қатысуда. Бірақ, соған қарамастан, олар жақсы нәтиже көрсетуде. Мәселен, бірінші ойында отбасы мүшелері жеңімпаз атанды. Бұл қалыпты олар 5 айналымның соңына дейін сақтап қалмақ.

Ельтай Қабдулин – сайысқа қатысушы:

– Бірінші ойын қиын болды деп айта алмаймын. Балаларға сәл ауырлау болуы мүмкін. Мен өзім спорт саласында қызмет етемін. БЖСМ күрестен жаттықтырушымын. Негізі осындай отбасылық жарыстардың өтіп тұруын өз басым дұрыс деп есептеймін.

Жарысқа өңіріміздің Есіл, Қызылжар және М.Жұмабаев аудандарынан келген отбасылар мен облыс орталығының атынан шыққан екі жанұя қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық сайыстар дені сау ұлттың қалыптасуына септеседі.

Есілбай Омаров – гимнастикадан БЖСМ директоры:

 

– Бүгін біздің облыста жанұялар старты басталды. Мұнда әр ауданның жеңімпаздары қатысуда. 5 түрлі сайыс болады. Әкелеріне, жеке аналарына және балаларына. Және барлығы бірге қатысатын екі түрлі сайыс болады. Бас жүлде, екінші орын, үшінші орын марапатталады. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Кіл мықтылар арасында өткен сайыста жеңімпаз атағы Есіл ауданының Позолотиндер отбасына бұйырды. Жүлделі екінші орынды жергілікті балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы иеленсе, үздік үштікті Қабдулиндер жанұясы тұйықтады.

Айгерим Ержанова